Жаңалықтар
9 мамыр — Жеңіс күніне орай тағылымы мол патриоттық іс-шара өтті

9 мамыр — Жеңіс күніне орай тағылымы мол патриоттық іс-шаралар ұйымдастырылды. Мерекелік күн аясында аудан тұрғындары, тыл ардагерлері, құқық қорғау саласының қызметкерлері, мекеме басшылары мен білім саласының өкілдері «Мәңгілік ел» саябағындағы «Даңқ» тақтасының жанында бас қосып, ерлікке тағзым етті.
Шара барысында Мемлекеттік Гимн орындалып, рухты әндер айтылды. Жиналған жұрт ел үшін жанын қиған боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алып, ескерткіштерге гүл шоқтарын қойды. Бұл тағылымды жиын ел тыныштығы мен бейбіт өмір жолында құрбан болған батырлардың рухына көрсетілген зор құрметтің айқын көрінісіне айналды.