Жаңалықтар

Аудандық мәслихат төрағасы Жанболат Ерғалиев, аудандық мәслихат депутаты Біләлов Алихан және «AMANAT» партиясы Қобдп аудандық филиалының атқарушы хатшысы Нұргүл Ибраева “Булак” бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесті

Кездесу барысында партия мүшелерімен ашық пікір алмасу өтіп, аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар талқыланды. Сондай-ақ елді мекендердегі әлеуметтік-экономикалық даму, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері және өзекті мәселелер жөнінде ой бөлісті.

Жиын барысында қатысушылар халықпен кері байланысты күшейту, жергілікті мәселелерді дер кезінде шешу және партиялық жобалардың тиімділігін арттыру бағытында пікір алмасты.

Кездесу соңында БПҰ мүшелері өз ұсыныстарын айтып, бірқатар мәселелер бойынша нақты сұрақтарын жолдады.

Басқа материалдар

Back to top button