Жаңалықтар

Ақтөбе облысында ШОБ дамытуға 15,7 млрд теңге бағытталды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жуырдағы Жолдауында Қазақстандағы кәсіпкерлікті қолдаудың маңыздылығына назар аударды. Ол экономиканың табысты дамуы шағын және орта кәсіпорындар үшін қолайлы орта құруға байланысты екенін атап өтті. Атап айтқанда, Президент салық саясатының негізгі аспектілерін, бизнесті қолдауды және кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыруға бағытталған қолданыстағы мемлекеттік бағдарламаларды қозғады.
Ақтөбе облысында Мемлекет басшысы көрсеткен бастамаларды тиімді іске асыру үшін белсенді шаралар қабылдануда. Бизнесті реттеудің маңызды құралдарының бірі — әртүрлі мемлекеттік бағдарламалар арқылы ұсынылатын қаржылық қолдау. 2024 жылы бұл мақсаттарға 15,7 млрд теңге бөлінді.
Осы жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша 1 485 жобаға қолдау көрсетілді. Қолдау субсидиялау, несиеге кепілдік беру және инфрақұрылымды дамытуды қоса алғанда, әртүрлі нысандарда ұсынылады. Әсіресе, қолдау көрсетілетін жобалардың үштен бір бөлігі облыстың аудандарында орналасқандығы, олардың дамуына ықпал ететіндігі ерекше назар аудартады.
2023 жылы Хромтау моноқаласының кәсіпкерлеріне несие беруге бағытталған шағын және орта кәсіпкерлік саласын дамыту жөніндегі өңірлік бағдарлама іске қосылды. Бағдарламаның жалпы бюджеті 2 млрд теңгені құрады, 95 жоба қолдау тапты.
Мақсатты жұмыс нәтижесінде шағын және орта бизнесті дамытуда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Осылайша, тіркелген ШОБ субъектілерінің жалпы саны 93 мыңнан асты, оның ішінде 86 мың бірлік белсенді болып табылады. Бұл салада өңірдің 172 мыңнан астам тұрғыны еңбек етуде.
Осы сектор жұмысының тиімділігінің маңызды көрсеткіші өндірілген өнімнің, орындалған жұмыстардың және көрсетілген қызметтердің көлемі болды, ол ағымдағы жылдың қаңтар-маусым аралығында 925,5 млрд теңгеге жетті. Өңірде ШОБ дамыту бойынша жұмыс жалғасуда.

15,7 млрд тенге направлено на развитие МСБ в Актюбинской области
Президент Касым-Жомарт Токаев в своем недавнем Послании акцентировал внимание на важности поддержки предпринимательства в Казахстане. Он подчеркнул, что успешное развитие экономики зависит от создания благоприятной среды для малых и средних предприятий. В частности, Президент затронул ключевые аспекты налоговой политики, поддержку бизнеса и существующие государственные программы, направленные на стимулирование предпринимательской активности.
В Актюбинской области принимаются активные меры для эффективной реализации указанных Главой государства инициатив. Одним из значимых инструментов регулирования бизнеса является финансовая поддержка, предоставляемая через различные государственные программы. В 2024 году на эти цели выделено 15,7 млрд тенге. По состоянию на 1 ноября этого года поддержано 1 485 проектов. Поддержка предоставляется в различных формах, включая субсидирование, гарантирование кредитов и развитие инфраструктуры. Особенно примечательно, что почти треть из поддержанных проектов находится в районах области, что способствует их развитию.
В 2023 году была запущена региональная программа по развитию сферы малого и среднего предпринимательства, ориентированная на кредитование предпринимателей моногорода Хромтау. Общий бюджет программы составил 2 млрд тенге, поддержано 95 проектов.
В результате целенаправленной работы достигнуты значительные успехи в развитии малого и среднего бизнеса. Так, общее количество зарегистрированных субъектов МСБ превысило 93 тысячи, из которых активными являются 86 тысяч единиц. В данной сфере трудится свыше 172 тысяч жителей региона. Важным показателем эффективности работы данного сектора стал объем произведенной продукции, выполненных работ и оказанных услуг, который за период с января по июнь текущего года достиг 925,5 млрд тенге. Работа по развитию МСБ в регионе продолжается.

Басқа материалдар

Back to top button