Жаңалықтар

Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Айбек Шілманов жұмыс сапарымен Қобдаға келді


Бейсенбі, 21 қараша күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Шілманов Айбек Ақбергенұлы жұмыс сапарымен Қобда ауданына келді.

Сапар аясында Талдысай ауылындағы сервистік әкімдікке барып, мемлекеттік қызметшілердің жұмыс барысымен танысты және қызметкерлермен кездесу өткізді. Одан соң“Азаматтарға арналған үкімет”мемлекеттік корпорациясының Қобда аудандық филиалының жұмысымен танысып, аудан әкімдігінде GPA көрсеткіші негізінде тікелей мемлекеттік қызметке қабылданған жас мемлекеттік қызметшілермен кездесті.

Сондай-ақ, мәжіліс залында 2024-2029 жылдарға арналған мемлекеттік қызметті дамыту тұжырымдамасы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сапар қорытындысында “Amanat” партиясының аудандық филиалында жеке қабылдау өткізіп, азаматтардың мәселелерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді.

Басқа материалдар

Back to top button