Жаңалықтар

Ақтөбедегі ЖЭО қызметкерлері Жаңа Конституцияны қолдады

Аймаққа сапар барысында тағы бір маңызды нысан – Ақтөбе ЖЭО болды. Жалпыұлттық коалиция мүшелері қала өмірінің тұрақтылығы тікелей осы ұжымның жұмысына байланысты екенін ескере отырып, қызметкерлермен кездесті.

ЖЭО қызметкерлерімен әңгімелесу барысында Мәжіліс Төрағасының орынбасары Дания Еспаева және Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев энергетиктердің жұмысы адамдардың күнделікті өміріне тікелей әсер ететінін атап өтті. Себебі станцияның тұрақты қызметі үйлерге жылу берілуін, мектептердің, ауруханалар мен кәсіпорындардың қалыпты жұмысын қамтамасыз етеді. Дәл осындай стратегиялық нысандар арқылы азаматтар мемлекеттік саясаттың сапасын және қоғам алдындағы жауапкершілік деңгейін сезінеді.

Дания Еспаева мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігін және азаматтардың құқықтарын қорғауды бекітетін жаңа конституция жобасының ережелері инфрақұрылымдық салалардың орнықты дамуы үшін негіз қалыптастыратынын атап өтті. Бұл – стратегиялық кәсіпорындардың тұрақтылығын, қауіпсіздігін және болжамдығын қамтамасыз ететін ұзақмерзімді ережелер.

Кездесу барысында Ерлан Сәрсембаев қауіпсіз еңбек жағдайлары, лайықты сыйақы және қызметкерлерді әлеуметтік қорғау кепілдіктерін бекітетін жаңа конституция жобасының нормаларына жеке тоқталды. Оның айтуынша, бұл кепілдіктердің Ата Заң деңгейінде бекітуілуі еңбек адамын қорғауды күшейтеді және мемлекеттік саясатта адамның құндылығы мен қадір-қасиетінің басымдығын көрсетеді.

Кездесудің қорытындысында кәсіпорын қызметкерлері алдағы референдумды елдің болашағын айқындайтын маңызды қадам ретінде қарастыратынын атап өтті.

Басқа материалдар

Back to top button