Қызылжар ауылында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясы тұрғындармен кездесті
Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін! коалициясының мүшелері Қызылжар ауылының тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары түсіндіріліп, Ата Заңға енгізілетін өзгерістердің маңызы жан-жақты талқыланды. Ауыл тұрғындары өз ұсыныстары мен пікірлерін ашық айтып, ел болашағына бейжай қарамайтындарын көрсетті. Әсіресе, жергілікті өзін-өзі басқару, әлеуметтік әділеттілік, ауылды дамыту мәселелері кеңінен қозғалды.
Коалиция мүшелері халықтың әрбір ұсынысы маңызды екенін атап өтіп, Жаңа Конституция – бүкіл елдің ортақ құжаты екенін жеткізді. Мұндай кездесулер ел мен билік арасындағы ашық диалогты нығайтып, әділетті әрі прогрессивті қоғам құруға негіз болады.