Жаңалықтар

Қобда ауданында жаңа Конституция жобасын талқылау өтті

Қобда ауданында конституциялық реформаны қолдау жөніндегі коалиция мүшелері Сарбұлақ орта мектебінің ұжымымен кездесіп, жаңа Конституция жобасының негізгі өзгерістері мен маңызды жаңалықтарын талқылады. Кездесу барысында қатысушылар жаңа құжаттың мазмұны туралы сұрақтарын қойып, өз пікірлерін білдірді.

Коалиция мүшелері Конституцияның әрбір азаматқа тең құқықтар мен мүмкіндіктер беретінін, елдің тұрақты дамуына және қоғамның мықты құрылуына ықпал ететінін атап өтті. Ұжымның пікірі мен белсенді қатысуы реформаны кеңінен түсінуге және қолдауға септігін тигізеді.

Басқа материалдар

Back to top button