Жаңалықтар

Ішкі саясат басымдықтары жөніндегі кеңес

Мемлекет басшысының ішкі саясаттың негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттары жөніндегі Жарлығын іске асыру аясында Ақордада Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен республикалық кеңес өтті.

Egemen Qazaqstan

Жиынға Үкімет мүшелері, Прези­дент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің орынбасарлары, өңірлік басқармалардың жетекшілері қатысты.

Мемлекеттік кеңесші Президент Жарлығымен алғаш рет ішкі саясаттың негізгі бағыттары, мақсаттары мен міндеттері мемлекеттік деңгейде қалып­тастырылып, жүйеленгенін атап өтті. Ерлан Қариннің айтуынша, бұл құжат ішкі саясат саласындағы мемлекеттік органдардың жұмысын тиімді үйлестіруге бағытталған. Соны­мен қатар жүргізіліп отырған мемлекеттік саясаттың идеялық мәнін нақты түсіндіруге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ Мемлекеттік кеңесші жаңа Конституция жобасының маңызына тоқталды.

«Алғаш рет Ата заңның преамбуласында және алғашқы баптарында мемлекеттілігіміздің іргелі негіздері – Тәуелсіздік пен Егемендік, сондай-ақ мемлекеттің негіз құраушы қағидаттары ерекше бекітілді. Осы­лайша, жаңа Ата заңда негізгі құқық­тық нормалар мен құ­жаттар ғана емес, біздің қоғамның басты мақсаттары мен бағдарлары да орнықты. Негізгі заң жобасының идеялық-құндылық тұрғысынан алғандағы маңызы зор. Егер бас­ты құжат референдумда қабыл­данып жатса, жаңа Конституция қоғам тұтастығының сапалы әрі жаңа деңгей­дегі платформасына айналады», деді Е.Қарин.

Кеңес барысында Президенттің Ұлттық құрылтайдың Қызылордада өткен бесінші отырысында берген тапсырмаларын орындау, сонымен қатар ұлтаралық және конфес­сияара­лық келісімді нығайту, қоғамдық бірлес­тіктермен және сарапшылармен қарым-қатынас жасау, мәдени-гуманитарлық, ақпараттық, отбасылық және жастар саясатын жүргізу мәселелері қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдарға ішкі сая­сат саласындағы жұмыстың негізгі бағыттарын нақты жүзеге асыру бойын­ша тиісті тапсырмалар берілді.

Басқа материалдар

Back to top button