Болашаққа бағытталған тарихи шешім
2026 жылғы Конституциялық өзгерістер – мемлекетіміздің саяси және құқықтық жүйесін жетілдіруге бағытталған маңызды шешім. Қоғам дамыған сайын заң да заман талабына сай жаңарып отыруы тиіс. Бұл – тәуелсіз еліміздің тұрақты әрі жүйелі дамуының кепілі.
Ата Заң – ел бірлігі мен мемлекеттіліктің негізі. Конституция жобасының кеңінен талқылануы – ашықтықтың, демократиялық ұстанымдардың айғағы.
Ұсынылып отырған жаңартулар билік тармақтарының тепе-теңдігін нығайтуға, заң үстемдігін күшейтуге және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған. Сонымен қатар ұлттық құндылықтарды айқындау, қоғамдық келісімді сақтау мәселелері де басты назарда.
Конституциялық өзгерістер – болашақ ұрпақтың баянды өміріне бағытталған тарихи қадам.
Тұрақтылық пен бірлікті сақтай отырып, заңға құрметпен қарау – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Сағындықов Дархан Нурболатович
Бестау МББК математика пәні мұғалімі