Эльвира Әзімова: жаңа Конституция Қазақстандағы әділдік, тұрақтылық және қоғамдық сенімнің берік іргетасына айналады
Конституциялық Соттың Төрайымы – Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның төрайымы Эльвира Әзімова Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасы бойынша жүргізілген жұмыстың алдын ала қорытындысын шығарды. Комиссия мүшелері мен азаматтардың пікірлерін ескере отырып, ол Ата Заңды республикалық референдумға шығаруды ұсынды. Бұл жөнінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев түпкілікті шешім қабылдайды.
Сөз басында Эльвира Әзімова азаматтық және заң қауымдастықтарының өкілдері, ғалымдар, құқықтанушылар, лингвистер, қоғамдық ұйымдардың мүшелеріне және Ата Заңның тағдырына бей-жай қарамай, өз ұсыныстарын білдірген мыңдаған азаматқа алғыс білдірді.
«Біз әрбір уәжді жан-жақты саралап, халықаралық тәжірибе мен ұлттық мүддені өзара сабақтастыра отырып, салмақты шешімдер қабылдауға ұмтылдық», – деді ол.
Конституциялық комиссияның миссиясы басынан бастап айқын болғанын, ол – азаматтардың көпшілігінің еркін көрсететін, құқықтар мен міндеттердің тепе-теңдігін қамтамасыз ететін, мемлекеттілікті нығайтып, адам құқықтарының кепілдіктерін қорғауға бағытталған үйлесімді, салмақты Ата Заң моделін әзірлеу екенін атап өтті Эльвира Әзімова.
«Сіздермен бірнеше отырыс барысында талқыланған мәтін түбегейлі жетілдіріліп, түскен ұсыныстар ескерілді. Азаматтар, заңгерлік және азаматтық қауымдастықтар, сараптамалық алаңдардан түскен бастамалардың басым бөлігі жан-жақты талданды. Көптеген баптар тікелей жобада көрініс тапса, басқалары мәтіндік нұсқада және концептуалдық шешімдерге әсер етті», – деді комиссия төрайымы.
Мысалы, ҚР жаңа Конституциясының жобасына адвокаттың мәртебесі, меншік құқығының кепілдіктері, мемлекет келтірген зиянды өтеу құқығы, экологиялық қауіпсіздік, азаматтық мәселелері туралы нормалар және т.б. енгізілді.
Қазақша мәтіннің сапасына ерекше назар аударылды – терминология жаңартылды және қазіргі заманға бейімделді. Сонымен қатар өтпелі ережелер туралы ұсыныстар ескерілді.
Эльвира Әзімованың айтуынша, Еуразия кеңістігінде алғаш рет мұндай жұмыс толық ашық режімде жүргізілді.
«Барлық отырыстар онлайн режімде трансляцияланды. Мұны қоғамды Конституциялық үдеріске тартудың жаңа моделі деп қабылдауға болады», — деп атап өтті ол.
Комиссия төрайымы Конституция нормативтік құқықтық актілердің бүкіл жүйесі үшін бағыт беретін бағдар екенін еске салды: ол бағыт-бағдарды анықтайды, базалық қағидаттарды, адам мен азаматтың басты құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттілік және ұлттық мүдделердің негіздерін бекітеді.
«Конституцияны шамадан тыс жүктеуге келмейді. Қалған мәселелерді Парламент пен мемлекеттік органдар қабылдайтын заңдар мен құқықтық актілер арқылы реттеу көзделген. Көптеген идеялар алдағы заң шығару жұмысының негізіне айналып, конституциялық баптарды нығайтып, әрі қарай дамытуға ықпал етеді», — деп атап өтті Эльвира Әзімова.
Оның айтуынша, Комиссия мүшелерінің басым көпшілігі жаңа Конституцияның жобасын республикалық референдумға шығаруды қолдады.
«Осыған байланысты, комиссия мүшелерінің және азаматтардың көпшілігінің пікірін ескере отырып, Мемлекет басшысына жаңа Конституцияның пысықталған жобасын республикалық референдумға шығаруды ұсыну қажет деп санаймын», — деді Комиссия төрайымы.
Эльвира Әзімова республикалық референдумды өткізу әрбір азаматқа өзінің конституциялық құқығын іске асырып, Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасы бойынша пікір білдіруге мүмкіндік беретінін атап өтті.
«Мемлекет басшысы референдум өткізу туралы шешім қабылдаған жағдайда, Конституциялық комиссияның миссиясы өз мәресіне жеткен боп саналады. Жаңа Ата Заң әділеттілік, тұрақтылық және қоғамдық сенімнің берік негізіне айналуы тиіс. Ол мемлекеттілікті нығайтып, әрбір адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғай отырып, еліміздің дамуының сенімді бағытын айқындайды», – деп қорытындылады Конституциялық комиссияның төрайымы.
Новая Конституция станет прочной основой справедливости, стабильности и общественного доверия в Казахстане – Эльвира Азимова
Председатель Конституционного Суда – председатель Комиссии по Конституционной реформе Эльвира Азимова подвела предварительные итоги работы над проектом новой Конституции Казахстана. С учетом мнений членов Комиссии и граждан она предложила вынести документ на республиканский референдум. Окончательное решение по этому поводу примет Глава государства Касым-Жомарт Токаев.
В начале своего выступления Эльвира Азимова выразила благодарность представителям гражданского и юридического сообществ, ученым, правоведам, лингвистам, членам общественных организаций и тысячам неравнодушных граждан, которые высказали предложения по новой Конституции РК.
«Даже самые строгие замечания стали инструментом совершенствования текста. Мы всесторонне взвешивали все аргументы, сопоставляли международный опыт и национальные интересы», – сказала она.
Как отметила Эльвира Азимова, миссия Конституционной комиссии с самого начала была предельно ясна: выработать согласованную, взвешенную модель Основного закона, отражающую волю большинства граждан, обеспечивающую баланс прав и обязанностей, укрепляющую государственность и гарантии прав человека.
«Текст, который мы с вами обсуждали на протяжении ряда заседаний, был существенно доработан и улучшен с учетом поступивших предложений. Большая часть инициатив граждан, гражданских и юридических сообществ, экспертных площадок была тщательно проанализирована. Многие положения нашли прямое отражение в проекте, другие повлияли на формулировки и концептуальные решения», – озвучила председатель Комиссии.
Так, в проект новой Конституции РК включены нормы о статусе адвоката, гарантиях права собственности, праве на возмещение вреда, причиненного государством, об экологической безопасности, вопросах гражданства и т.д.
Особое внимание уделено качеству казахского текста – терминология актуализирована и осовременена. Кроме того, были учтены предложения о переходных положениях.
По словам Эльвиры Азимовой, впервые на евразийском пространстве подобная работа велась в режиме полной открытости.
«Все заседания транслировались онлайн. Можно считать, что это новая модель вовлечения общества в конституционный процесс», – подчеркнула она.
Председатель Комиссии напомнила, что Конституция – это общий ориентир для всей системы нормативных правовых актов: она задает тон и курс, закрепляет базовые принципы, фундаментальные права и свободы человека и гражданина, основы государственности и национальных интересов.
«Конституция не может и не должна быть перегружена деталями. Все последующие аспекты будут регулироваться законами и подзаконными актами, принимаемыми Парламентом и государственными органами. Многие идеи станут основой для дальнейшей законотворческой работы, усиливая и развивая конституционные положения», – отметила Эльвира Азимова.
По ее словам, большинство членов Комиссии высказалось за вынесение проекта новой Конституции на республиканский референдум.
«В этой связи, с учетом мнений членов Комиссии и большинства граждан считаю необходимым предложить Главе государства вынести на республиканский референдум доработанный проект новой Конституции», – сказала председатель Комиссии.
Эльвира Азимова подчеркнула, что проведение республиканского референдума позволит каждому гражданину реализовать свое конституционное право и выразить мнение по проекту новой Конституции Казахстана.
«В случае принятия решения о проведении референдума Главой государства миссия Конституционной комиссии будет считаться завершенной. Новый Основной закон должен стать прочной основой справедливости, стабильности и общественного доверия. Он нацелен на укрепление государственности, защиты прав и свобод каждого человека и задает уверенный курс развития нашей страны», – заключила председатель Конституционной комиссии.