Жаңалықтар

Үкіметтің кеңейтілген отырысы: су үнемдеу технологияларын енгізу елімізде 847 млн текше метр су үнемдеуге мүмкіндік берді

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов еліміздің су шаруашылығын жаңғырту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Былтыр 700 шақырым су арнасы қайта жаңғыртылса, биыл тағы 986 шақырымда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 4 су қоймасы жаңартылды, осы жылы тағы да төрт нысанды жаңарту жұмыстары және 3 жаңа су қоймасының құрылысы басталады.

Су ресурстарын кешенді басқарудың бас жоспарына негіз болатын сегіз бассейндік жоспарды әзірлеу аяқталады, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда берген тапсырмасына сәйкес, жыл соңына дейін еліміздің су-энергетика ресурстарының картасы әзірленеді.

Суды үнемдеу мәселесі басым бағыт болып қала береді. Бүгінде суармалы жерлердің үштен бірінен астам бөлігі су үнемдеу технологияларымен қамтылған. Нәтижесінде өткен жылы 847 млн текше метр суды үнемдеу мүмкін болды. Алдағы уақытта жыл сайын қосымша 150 мың гектарға жуық алқапты қамту жоспарланып отыр. Бұл ретте Су ресурстары және Ауыл шаруашылығы министрліктерінің алдында көрсеткіштердің әдейі бұрмалануына жол бермеу міндеті тұр.

Сондай-ақ туристік саланы дамыту үшін Үкімет қабылдап жатқан шараларға назар аударылды. Ағымдағы міндеттер мен басымдықтарды ескере отырып, туристік саланы дамытуға арналған Кешенді жоспардың өзектілігін арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар да атап өтілді.

Салада бірқатар ірі жоба жүзеге асуда. Мәселен, Алматы тау кластерінің қолданыстағы инфрақұрылымын жаңғырту және жаңа нысандар салу жұмыстары, соның ішінде заманауи шаңғы курортының жобасы басталды. Қазіргі таңда 17 көтерме жол және 53 шақырым трасса жұмыс істеуде. Қосымша 46 көтерме жол мен 221 шақырым трасса іске қосылады. Құрылыс-монтаж жұмыстары көктемде басталады.

Биыл Қатонқарағай, Зайсан және Кендірліде жаңа әуежайлардың құрылысы аяқталады. Ол осы өңірлерде туризмді дамытуға қосымша серпін береді.

@KZgovernment

————

Расширенное заседание Правительства: внедрение водосберегающих технологий позволило сэкономить 847 млн м3 воды в РК

На расширенном заседании Правительства под председательством Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаева Премьер-министр Олжас Бектенов доложил о проводимой работе по модернизации водного хозяйства республики.

В прошлом году реконструировано 700 км водоканалов, в текущем году проведен капитальный ремонт еще 986 км. Модернизировано 4 водохранилища. Еще столько же запланировано в текущем году, а также будет начато строительство 3 новых водохранилищ.

Будет завершена разработка восьми бассейновых планов, которые сформируют основу Генерального плана интегрированного управления водными ресурсами, — отметил Олжас Бектенов.

В соответствии с поручением Главы государства, данным на Национальном Курултае, до конца года будет разработана карта водно-энергетических ресурсов.

Приоритетным направлением остается водосбережение. На сегодня более трети от общей площади орошаемых земель охвачено водосберегающими технологиями, что в прошлом году позволило сэкономить 847 млн м3 воды. Ежегодно планируется охватывать дополнительно порядка 150 тыс. га. Перед министерствами водных ресурсов и сельского хозяйства стоит задача бороться с возможными приписками.

Внимание также уделено мерам, принимаемым Правительством для развития туристской отрасли. Отмечена проводимая работа по актуализации Комплексного плана развития туристической отрасли с учетом текущих задач и приоритетов.

В сфере реализуется ряд крупных проектов. Так, начата модернизация действующей и строительство новой инфраструктуры Алматинского горного кластера, включая современный горнолыжный курорт. Текущая обеспеченность составляет 17 канатных дорог и 53 км. трасс. Дополнительно будут введены 46 канатных дорог и 221 км трасс. Строительно-монтажные работы начнутся весной.

В этом году завершается строительство новых аэропортов в Катон-Карагае, Зайсане, Кендерли, что позволит придать дополнительный импульс развитию туризма в указанных регионах.

@KZgovernment

Басқа материалдар

Back to top button