Жаңалықтар
Қобда ауданының активі ҚР Конституциясының жаңа жобасын қолдады


3 ақпан күні Қобда ауданында Қазақстан Республикасының Конституциясының жаңа жобасын талқылауға арналған актив жиыны өтті.
Кездесу барысында қатысушылар ел болашағына қатысты маңызды өзгерістер жөнінде өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Жиын барысында аудандық мәслихат төрағасы Ж. Ерғалиев Конституцияның жаңа жобасындағы негізгі жаңашылдықтар туралы сөз сөйлесе, қоғамдық кеңес төрағасы А. Темірбай өз баяндамасында жобаның қоғам үшін маңыздылығына тоқталды.
Талқылау ашық әрі мазмұнды форматта өтіп, ұсыныстар мен пікірлер айтылды. Жиын қорытындысында аудан активі Конституцияның жаңа жобасын оң бағалап, алдағы іске асыру бағыттарын қолдады.