Жаңалықтар
ЗЕРДЕЛЕП, БАЙСАЛДЫ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНУЫ КЕРЕК
Жанболат Ергалиев,
Қобда аудандық мәслихатының төрағасы.
Қазақстан Президентінің 2 қыркүйектегі Жолдауындағы энергия тапшылығын жоюдың ең тиімді жолы — атом электр стансасын салу екендігінін айтты. Энергиялық тәуелдіктен арылу ешкімді де бей-жай қалдырмайтыны белгілі.
Осы мәселе туралы коғамда әр түрлі пікірлер бар. Халықтың дені пікір білдірмес бұрын мән-жайды терең зерделеп барып, шешім қабылдағаны дұрыс деп санаймын. Атом электр стансасын салу туралы түпкілікті шешім референдум арқылы өабылданатыны да маңызды шешімдерді халықтың өзі қабылдайтынын аңғартады. Ел азаматтарын 6 қазанда өтетін референдумға қатысты, байыпты да байсалды шешім қабылдауға шақырамын.