СТРАТЕГИАЛЫҚ ШЕШІМДЕРДІ ТЕК ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМ АРҚЫЛЫ ҚАБЫЛДАУ КЕРЕК
Рима Жолдасбаева,
Қобда қазақ орта мектебінің мұғалімі
Қазір әлемде энергия тапшылығы күшейіп барады. Елімізге сенімді және экологиялық таза қуат кһздері аса қажет.
Өндіріске бейімделген экономикамыз кұн өткен сайын мол энергияны қажет етуде. Қазақстан президентінің ұсынысы негізінде атом электр стансасын салу сынды стратегиялық тұрғыдан аса маңызды шешімді референдум арқылы қабылдау дұрыс қадам.
Жалпыхалықтық референдум арқылы ғана байыпты шешім қабылдауға болады. Стратегиялық жоспарларды өоғамда кеңінен талқылау керек деп санаймын. Ел өміріндегі әрбір маңызды қадам жұртшылықпен бірлесіп жасалуға тиіс. Атом электр стансасы туралы референдумға қатысты да дәл солай болуы керек.
Жалпы референдум — әр азаматқа өз пікірін білдіруге мумкіндік беретін маңызды механизм. Баршаңызды референдумға белсенді қатысуға шақырамын. Бұл — еліміздің болашағы үшін өте маңызды.