Жаңалықтар

Қобда аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы фракциясының кезекті отырысы өтті

Қобда аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының отырысы өтті. Іс-шараға фракция жетекшісі Сандыбай Алитурлиев төрағалық етті.

Жиынға аудандық мәслихат төрағасы Жанболат Ергалиев, фракция мүшелері мен тиісті бөлім басшылары қатысты.

Күн тәртібінде «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасы аясындағы 2023–2027 жылдарға арналған Қобда ауданының Жол картасының орындалу барысы қаралды.

Фракция жетекшісі Сандыбай Алитурлиев биыл партияның сайлауалды бағдарламасында көзделген міндеттердің жоспарлы түрде іске асырылып жатқанын атап өтті.

Отырыста депутаттар нақты сұрақтар қойып, жауаптар алды. Талқылау қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар қабылданды.

Басқа материалдар

Back to top button