Жаңалықтар

«Amanat» партиясының Жолдауды түсіндірудегі рөлі мен ықпалы


Үстіміздегі жылғы Президент Жолдауы халықтың шынайы көңілінен шыққан саяси құта тұрғысында болса, одан туындайтын міндеттерді насихаттаудың басында «Amanat» партиясы тұр.

«Amanat» партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен Ел Президентінің Жолдауын түсіндіру мақсатында халықпен кездесулержүйелі түрде өтуде.

Өткен аптада кездесулер Жаңаталап, Терісаққан, Бестау ауылдарында өтіп, «Amanat» партиясы Қобда аудандық филиалының атқарушы хатшысы Нұргүл Ибраева, аудандық мәслихат төрағасы Жанболат Ерғалиев, мәслихат депутаты Әлихан Біләл, бастауыш партия ұйымдарының өкілдері, ардагерлер мен жастар қатысты.

Кездесулердің көздегені – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған негізгі бағыттарды кеңінен түсіндіріп, оның жүзеге асырылуына қатысты пікір алмасу болды.

«Amanat» партиясының бастауыш партия ұйымдары – партия мен халық арасындағы алтын көпір. Олар өз аумақтарында партия саясатын түсіндірумен қатар, тұрғындардың ұсыныс-тілектерін жинақтап, оны жоғарғы деңгейге жеткізуде белсенділік танытып келеді.

Кездесуде мәслихат депутаттары Жолдауда айтылған әлеуметтік, экономикалық және саяси бастамаларға тоқталып, әрқайсысының өңірлерді дамытудағы рөлін нақты мысалдармен түсіндірді. Сонымен қатар, тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, бірқатар ұсыныстар мен мәселелерді назарға алды.

— Жолдау – ел дамуының нақты бағдары. Оның әр бағыты халықтың өмір сүру

сапасын жақсартуға бағытталған. Бұл бағытта біз, мәслихат депутаттары мен бастауыш партия ұйымдарының мүшелері, өз жауапкершілігімізді жақсы сезінеміз, – деді кездесу барысында депутаттар.

Шара соңында қатысушылар партия тарапынан қолға алынған нақты істер мен жоспарларға оң бағасын беріп, алдағы жұмыстарға сәттілік тіледі.

Осындай кездесулер « Amanat» партиясының халықпен кері байланысын нығайтып, ел ішіндегі мәселелерді уақытында көтеріп, шешуге жол ашады.

Анаргүл ЕГІЗБАЕВА.

Басқа материалдар

Back to top button