Жаңалықтар

Дүниежүзілік ойындар

Қырғызстан Ұлттық құрамасы Көшпенділер ойындарына дайындықты бастады

Қырғызстан ұлттық құрама командасы алдағы Көшпенділер ойындарына қызу дайындыққа кірісті. Көкпар және көкбөрү бойынша әрқайсысы 12 ойыншыдан тұратын команда қазіргі таңда Чолпон-Ата қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізуде.
Бұл жиынның мақсаты — спортшылардың физикалық дайындығын, тактикалық шеберліктерін және командалық үйлесімділігін арттыру. Жаттығу жиыны тәжірибелі жаттықтырушылар мен мамандардың жетекшілігімен өткізіліп, техникалық және стратегиялық аспектілерге ерекше көңіл бөлінеді.
Көшпенділер ойындары — этникалық спорт түрлерінде әлемнің түкпір-түкпірінен қатысушыларды жинап, өз шеберліктері мен дәстүрлерін көрсетуге мүмкіндік беретін маңызды әлемдік оқиға. Қырғызстан ұлттық құрамасы өз әлеуетін көрсетіп, жарыстарда жүлделі орындарға ие болуға ұмтылады.
Айта кетерлігі, 8-13 қыркүйекте Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Іс-шараға 89 елден 2000-нан астам спортшы қатысады деп жоспарлануда. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының Бас демеушісі — ALAGEUM ELECTRIC, Ойындардың Бас серіктесі — Halyk Bank. Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында барлығы 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу Дирекциясының баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Back to top button