Жолдау — оң өзгерістердің бастауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы – ел дамуындағы жаңа кезеңнің бастауы.
Қобда балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің директоры ретінде бұл Жолдауда көтерілген бірқатар мәселелер бізге тікелей қатысты екенін атап өткім келеді.
Президенттің бұқаралық спортты дамыту, жастарды салауатты өмір салтына баулу, спорт инфрақұрылымын ауыл-аймақтарда да кеңейту жөніндегі тапсырмалары – біз үшін нақты бағыт-бағдар. Ауыл жастарының спортпен тұрақты айналысуына жағдай жасау, дарынды балаларды іріктеп, олардың кәсіби өсуіне жол ашу – біздің басты міндеттеріміздің бірі.
Қазіргі таңда спорт мектебінде түрлі бағытта секциялар жұмыс істейді, жаттықтырушылар құрамы жас жеткіншектердің физикалық және моральдық тұрғыда дамуына күш салып келеді. Президент Жолдауындағы тапсырмалар осы жұмысты одан әрі жүйелі түрде жетілдіруге мүмкіндік береді.
Біз ұлт денсаулығын нығайту, спорт арқылы тәрбиелеу ісінде белсенді бола отырып, Жолдаудағы міндеттерді орындауға өз үлесімізді қосамыз.
Каиыров Аслан Амангелдіұлы- Қобда БЖСМ директоры
#ПрезидентЖолдауы2025
#QobdaSport
#СалауаттыҰрпақ
#ЖолдауІскеАсуда