Жасанды интеллект — келешектің кілті
Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауы — ел дамуының жаңа кезеңіне бағытталған стратегиялық маңызы бар шешім. Мемлекет басшысы бұл Жолдауда қазіргі замандағы жаһандық өзгерістерді ескере отырып, Қазақстанның технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы жаңғыруына жол ашатын бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Әсіресе, жасанды интеллект, цифрлық трансформация, деректер қауіпсіздігі, инновациялар және адами капиталды дамыту сынды тақырыптарға ерекше мән берілді. Президенттің бастамалары әлемдегі технологиялық бәсекеге қабілетті болуға, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға, білім мен ғылымды қолдауға, сондай-ақ өңірлер арасындағы цифрлық теңсіздікті жоюға бағытталған. Бұл Жолдау — Қазақстанның заманауи әрі әділетті мемлекетке айналу жолындағы нақты қадамы. Алайда айтылған мақсаттардың табысты іске асуы үшін жүйелі жұмыс, нақты жоспарлау, кәсіби мамандар даярлау және халықпен ашық қарым-қатынас қажет. Жалпы алғанда, бұл Жолдау – уақыт талабына сай, ел болашағына сенімді бағыт беретін маңызды құжат.
Абат Темірбай
Қоғамдық кеңес төрағасы