Жаңалықтар

Ұлттық ақпараттық жүйе: су ресурстарын басқарудағы жаңа кезең

2026 жылы іске қосылатын ұлттық ақпараттық жүйенің тағы бір артықшылығы – суды пайдаланудағы ашықтық пен қоғамдық бақылауды арттыру. Қазіргі таңда көптеген азаматтар су ресурстары қалай бөлініп жатқанын білмейді. Жаңа жүйе арқылы мәліметтердің барлығы ашық әрі қолжетімді болады. Бұл – халықтың сенімін арттыратын үлкен қадам. Су тапшылығы мәселесі әлемдік деңгейде өзекті болып отыр. Қазақстан да осы қатерден шет қалмайды. Сондықтан деректердің нақтылығы мен уақтылығы – болашақта стратегиялық шешім қабылдаудың кепілі. Сондай-ақ мемлекеттік органдар арасындағы мәлімет алмасу жеңілдеп, қағазбастылық азаяды. Бұл су ресурстарын басқаруға жұмсалатын уақытты қысқартады. Жүйені әзірлеуге Еуразиялық даму банкінің гранты бөлінуі – халықаралық серіктестіктің үлгісі. Бұл да жобаның сенімділігін арттырады. Ең бастысы – ақпараттық жүйе еліміздің су саясатын жаңа деңгейге шығарады.

Нұрлыбек Кереймағамбетов
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Басқа материалдар

Back to top button