Жаңалықтар

Достық-Мойынты темір жол

2025 жылғы Президент Жолдауында транзиттік әлеуетті арттыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту басты басымдықтардың бірі ретінде атап өтілді. Осы орайда, Достық–Мойынты темір жол торабы – еліміздің стратегиялық нүктесі, Қытай мен Еуропа арасындағы маңызды транзиттік дәліздің бөлігі.

Президент Тоқаев логистикалық мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға, экспорттық бағыттағы инфрақұрылымды жаңғыртуға ерекше назар аударды. Бұл тұрғыдан алғанда, Достық–Мойынты торабының қуатын арттыру – Қазақстанның халықаралық саудада бәсекеге қабілеттілігін күшейтіп, жүк тасымалын жеделдетуге мүмкіндік береді.

Сарапшы ретінде айтар болсам, бұл жоба еліміздің көлік саласындағы геосаяси маңызын арттырып қана қоймай, өңірлік экономиканы, соның ішінде Алакөл ауданы мен оған шекаралас аймақтардағы жұмыспен қамту, кәсіпкерлік, шағын бизнес белсенділігін де жандандырады. Инвестиция тарту мен цифрлық басқару жүйесін енгізу арқылы тиімділік жоғарылайды.

Қорытынды:
Президент Жолдауында көрсетілгендей, еліміздің транзиттік мүмкіндіктерін толық пайдалану үшін Достық–Мойынты темір жол торабы секілді стратегиялық жобаларды қарқынды әрі сапалы іске асыру – уақыт талабы.
Тимур Шабаев

Басқа материалдар

Back to top button