Балалар қауіпсіздігі мен тәрбиесі: Жолдау аясындағы жаңа қадамдар
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында балалардың қауіпсіздігі мен жан-жақты дамуына ерекше назар аударды. Бұл бағытта елімізде кешенді шаралар жүзеге асуда. Негізгі мақсат – жас ұрпаққа қауіпсіз орта қалыптастырып, олардың дұрыс тәрбиеленуіне жағдай жасау.
«Адал азамат» атты жаңа бірыңғай тәрбие бағдарламасы жасөспірімдерге әділеттілік, еңбекқорлық және отаншылдық сияқты құндылықтарды сіңіруге бағытталған. Бұл бағдарлама балалардың тек білімін ғана емес, мінез-құлқын, азаматтық көзқарасын дамытуға ықпал етеді.
Құқықтарын қорғау ісінде де нақты ілгерілеу бар. Қорғаншылық органдарының мамандары үш есеге жуық көбейіп, отбасыларға көмек көрсету сапасы артты. Мектептерде қауіпсіздік шаралары күшейтілді: оқу орындарының басым бөлігі турникеттермен жабдықталған және лицензияланған күзетпен қамтылған.
Сонымен қатар қосымша білім беру саласы кеңейіп келеді. 2 мыңнан астам үйірме мен ұйымдар балалардың 3,3 миллионын қамтып отыр. Бұл олардың бос уақытын тиімді өткізуге әрі қабілеттерін дамытуға жағдай жасайды.
Ақтөбе облысында да балалардың қауіпсіздігін күшейту және тәрбие бағдарламаларын енгізу бағытында белсенді жұмыстар жүріп жатыр. Аймақта жаңа үйірмелер ашылып, мектептердің қауіпсіздік жүйесі жаңартылуда.
Гүлнара Сейталина, Сағи Жиенбаев атындағы жасөспірімдер кітапханасының директоры