14 ГВт – Қазақстан энергетикасының жаңа дәуірі басталды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы Жолдауы еліміздің энергетика саласына тың серпін берді.
Үкімет отын-энергетика кешенін кешенді жаңғыртуға кірісті, ал басты межелердің бірі — алдағы 5 жылда 14 ГВт жаңа қуат көзін іске қосу.
Бүгінде бұл бағытта нақты нәтижелер бар:
Соңғы екі жылда 1,3 ГВт қуат пайдалануға берілді;
Биыл – тағы 622 МВт;
2026 жылға дейін – 2 700 МВт жоспарланған.
Бұл тек энергетикалық қауіпсіздікті арттырып қоймай, индустриялық даму мен өңірлік инфрақұрылымды жаңғыртудың қозғаушы күшіне айналады.
Сонымен қатар, жобалар экологияға да басымдық береді — баламалы қуат көздері энергетикалық баланста үлесін арттыруда.
Қартжан Нарқозы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті ректорының кеңесшісі, қалалық мәслихаттың депутаты