Жаңалықтар

Мемлекет басшысы бүгінгі Қазақстан халқы Ассамблеясында: “ Қазаұстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы – егемендік тарихындағы айтулы оқиға.

Бұл мерейтой әр азаматтың бақ-берекесін арттыру жолында ұлтымызды ұйыстыратын маңызды белеске айналады деп сенемін. Біз халқымыздың береке-бірлігін нығайтуға үлес қосқан азаматтарымызға әрдайым құрмет көрсетеміз. Отыз жылда жеткен жетістіктеріміз осындай абзал жандардың еселі еңбегінің жемісі екені сөзсіз.

Жұртымыз үшін ең үлкен марапат – елдің тыныштығы. Шын мәнінде, қоғамда татулық болмаса, басқа жұмыстың бәрі бекер болмақ. Береке-бірлігімізді сақтай алмасақ, қастерлі Тәуелсіздігіміздің баянды болуы да екіталай. Еліміздегі тұрақтылықты нығайту үшін Ассамблея мүшелері табанды еңбек етіп келеді. Мен баршаңызға шын жүректен алғыс айтамын.» ,-деген болатын
Қобыланды батыр ат. ОМ. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Хаджиева Милана

Басқа материалдар

Back to top button