Жаңалықтар

“Ауыл аманаты” жобасы-еліміздің ауылдық аумақтарын дамытуға арналған ауқымды бастама.

Бұл жоба ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсартып, жұмыс орындарын ашып, жастарды ауылда тұрақты өмір сүруге ынталандыруды мақсат етеді.

Жобаның аясында ауыл шаруашылығын қолдау, инфрақұрылымды жақсарту, білім беру мен денсаулық сақтау жүйелерін жетілдіру және экологиялық таза өнім өндіру бағыттары бойынша жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар, ауыл кәсіпкерлеріне қолдау көрсету, жергілікті өнімдерді нарыққа шығару үшін барлық жағдайлар жасалмақ.

Бұл бастама ауылдарымыздың дамуына жаңа серпін беріп, ауыл тұрғындарына өз жерінде бақуатты өмір сүруге мүмкіндік тудырады. «Ауыл аманаты» жобасы – елдің болашағы үшін маңызды қадам болып табылады. Біз бұл бастаманы қолдаймыз және ауыл тұрғындарының дамуына үлкен үлес қосатындығына сенеміз!

Кереймағанбетов Нұрлыбек — аудандық ауыл шаруашылығы саласының ардагері

Басқа материалдар

Back to top button