Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөйлеген сөздері еліміздің даму бағыттары мен қоғамдағы өзекті мәселелерге нақты жауаптар іздеуге бағытталған. Бұл құрылтай — мемлекеттің болашағы үшін маңызды алаң болып табылады.
Президенттің айтуынша, әрбір азаматтың құқығы мен бостандығын қорғау, әлеуметтік әділеттілік орнату және экономикалық реформаларды тиімді жүзеге асыру — басты міндеттердің бірі. Ол қоғамдық мәселелерді шешу үшін билік пен халықтың арасында тығыз байланыс орнату қажеттігін атап өтті. Бұл дегеніміз, ел ішіндегі барлық өзекті мәселелерге мемлекеттік деңгейде ықпал етуді көздейді.
Сондай-ақ, Президенттің халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін жүргізілетін реформаларды жалғастыру қажеттігін айтқаны өте маңызды. Экономикалық өзгерістер мен әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы біз еліміздің тұрақтылығын қамтамасыз ете аламыз.
Бұл құрылтайдың тағы бір маңызды аспектісі — ұлттық бірлікті нығайту, мәдениетіміз бен дәстүрлерімізді сақтау мәселелеріне ерекше мән берілуі. Осылайша, ұлттық рухты көтеру, ұрпақ сабақтастығын сақтай отырып, болашаққа сеніммен қадам басу өте маңызды болып табылады.
Ұлттық құрылтайда айтылған осы сөздер қоғамның дамуына ықпал етіп, ел бірлігі мен тұрақтылығын сақтауға септігін тигізеді.
Серғазина Роза — «Дәстүрге жол»ҚБ аудандық филиалының төрайымы