Жаңалықтар
Күршім көпірінің іске қосылуының нәтижесінде жүк тасымалдаудың тиімділігі артады
Күршім көпірінің іске қосылуының нәтижесінде жүк тасымалдаудың тиімділігі артады. Бұл жергілікті шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы азаматтарға үлкен мүмкіндік туғызады. Осы арқылы кәсіпкерлердің шығындары азайып, пайда деңгейі артады. Көпірдің іске қосылуы жергілікті тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға да әсер етеді. Жаңа жұмыс орындары ашылып, көлік және құрылыс саласында тұрақты жұмыс орындары қалыптасады.
Сонымен бірге, өңірдегі табиғи ресурстар мен тарихи ескерткіштерді көргісі келетін тұрғындардың, әсіресе туристердің көбірек келуіне жағдай жасалады.
Байганин Мейрамбек — құрылыс саласының маманы