Қазақстанның мал шаруашылығы: дағдарыстан тарихи рекордқа дейін
Қазақстанның мал шаруашылығы: кеңшарлардың күйреуінен жылқы саны бойынша рекордқа дейін
1990 жылдардан бері сала ауыр дағдарысты бастан өткеріп, ауыл тұрғындарының арқасында сақталып қалды. Бүгінде ол цифрлық технологияларға негізделген агробизнеске айналып келеді.
📉 90-жылдар: көрсеткіштер 3–4 есе төмендеді
КСРО ыдырағаннан кейін ірі шаруашылықтар жабылып, мал басы жаппай қысқарды.
🐄 1999 жылға қарай ірі қара саны 9,7 миллионнан 4 миллионға дейін азайды. Ал 🐑 қой мен ешкі саны төрт есеге жуық қысқарып, 35,6 миллионнан 9,6 миллионға түсті.
Сол кезеңде бүкіл сала негізінен жеке қосалқы шаруашылықтардың есебінен сақталып қалды. Елдегі малдың 80 пайыздан астамы жеке аулаларда болды.
🚜 Соңғы 10 жыл: асыл тұқымды мал мен бордақылауға басымдық
Қазақстанға асыл тұқымды ангус және герефорд тұқымды ірі қара әкелініп, ірі бордақылау алаңдары мен заманауи сүт фермалары салына бастады. Мал шаруашылығы үй шаруашылығынан жүйелі бизнеске айнала түсті.
📈 Бүгінгі жағдай: цифрлық фермалар мен экспорт
— Жылқы саны бойынша тарихи рекорд.
🐄 Ірі қара саны шамамен 8,8 миллион, 🐑 қой саны 22,6 миллионға жетті. Бұл көрсеткіштер 1990 жылғы деңгейге әлі толық жетпегенімен, жылқы шаруашылығы ол межеден әлдеқашан асып түсті. Қазір Қазақстанда 🐎 шамамен 4,8 миллион жылқы бар. Еліміз жылқы саны бойынша әлемдегі үздік 5 елдің қатарына кіреді.
🐫 Түйе саны 2,5 есе өсіп, 310 мыңнан асты.
— Қол еңбегінің орнына технологиялар.
Ірі тауарлы сүт фермаларында заманауи сауу карусельдері қолданылады. Мал басын цифрлық чиптеу және есепке алу жүйелері енгізілуде.
— Өңдеуге басымдық берілуде.
Тірі малды экспорттаудың орнына бизнес Қытай, Парсы шығанағы елдері және Орталық Азия нарықтарына өнім шығаруға бағытталған ет комбинаттары мен сүт зауыттарын салуда.
Соңғы 7 жылда мал шаруашылығының жалпы өнімі 1,7 есе өсіп, 2025 жылдың қорытындысы бойынша 2,3 триллион теңгеден 3,8 триллион теңгеге жетті. Ал 2026 жылдың 9 айында саланың көлемі 3,2 триллион теңгені құрады.