Конституция — адам құқығының кепілі

Адамның жеке басына қол сұғылмаушылық – құқықтық мемлекеттің басты құндылықтарының бірі. Конституцияның 18-бабы әр адамға жеке бас бостандығына кепілдік беріп, сот шешімінсіз заңда белгіленген мерзімнен артық ұстауға тыйым салады, сондай-ақ ұсталған сәттен бастап өз құқықтарының түсіндірілуін және адвокат көмегін пайдалану мүмкіндігін бекітеді.
Бұл норма құқық қорғау органдары тарапынан негізсіз қудалау мен заңсыздыққа тосқауыл қойып, тергеу процесінің әділ өтуіне берік негіз қалайды. Әсіресе, күзетпен ұстауға тек соттың санкциясымен ғана рұқсат етілуі және қорғаушыға алғашқы минуттан бастап қол жеткізу құқығы азаматтардың конституциялық мүдделерін қорғау деңгейін арттырады.
Сондықтан қылмыстық процесте сот бақылауын одан әрі күшейтіп, азаматтардың өз құқықтарын дер кезінде қорғай алуын қамтамасыз ету – басты назардағы міндет. Заң талаптарының мүлтіксіз орындалуы қоғамдағы әділдік сезімін орнықтырып, құқық қорғау жүйесіне деген сенімді нығайтады. Себебі әрбір азаматтың жеке бас бостандығы қорғалған орта ғана шын мәнінде өркениетті әрі әділетті Қазақстанның кепілі бола алады.
Гүлбақыт Смағұлова, «Гаухар” бөбекжай бақшасының меңгерушісі