Президент Жолдауы – қазынашылық қызметтің негізгі бағдары

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттік қаржы жүйесін жетілдіру, бюджет қаражатын тиімді пайдалану, цифрландыру және салық саясатын реформалау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Мемлекет басшысы қазынашылық жүйесін толық цифрландыруды, бюджет қаражатын жоспарлау мен басқару сапасын арттыруды, орынсыз шығындардың алдын алуда жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалануды тапсырды.
Осы бағытта қазынашылық органдарының рөлі ерекше. Бюджеттің уақытылы атқарылуын, мемлекеттік қаражаттың мақсатты жұмсалуын және қаржылық операциялардың ашықтығын қамтамасыз ету – негізгі міндеттердің бірі.
Президент Жолдауында белгіленген міндеттерді орындау әрбір мемлекеттік қызметшіден кәсібилікті, жауапкершілікті және адалдықты талап етеді. Қазынашылық қызметтің тиімділігі – мемлекеттік қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен ел экономикасының дамуының маңызды кепілі.
Қобда аудандық мемлекеттік қазынашылық басқарма басшысы
А. Жиенбаев