Жаңалықтар
Жаңа жыл алдында жаңа баспана қуанышы
Өмірімде жаңа бір кезең басталды — мен 2024 жылы мемлекет тарапынан салып берген жаңа үйге қоныс аудардым! Баспана — әр адамның арманы, әсіресе қиын кезде уақытылы үй салып беріп, қуанышты кезеңге бөлендім.
Жаңа үйімде мен тек қана жайлылық пен заманауилықты сезініп қана қоймай, болашаққа деген үмітім мен сенімімді де жаңартып отырмын. Бұл жетістік мені тек материалдық тұрғыдан ғана емес, рухани тұрғыдан да байытты.
Үй — тек баспана ғана емес, өмірінің негізгі тірегі.
Жаңа үйімде барлық армандарым мен жоспарларым орындала беретініне сенемін. Әр бөлмесі мен үшін ерекше. Өмірде бақытты сәттер көп болсын! Жаңа үйімде тек қуанышты сәттер мен жақсы естеліктер жинай беру тілегім бар!
Қылышбаева Нұрсұлу