Жаңалықтар

Мүгедектігі бар балалардың спорт үйірмелері тегін болуы мүмкін: депутат жаңа ұсыныс айтты

ЖИ көмегімен жасалынған

ЖИ көмегімен жасалынған
Мүгедектігі бар балалардың спорт үйірмелеріне жұмсайтын шығынын 100%-ға дейін өтеу ұсынылды

Қазақстанда мүгедектігі бар балалардың бассейндерге, спорт секцияларына және фитнес орталықтарына бару шығынының 70–100 пайызын өтеу ұсынылды, деп хабарлады Вairaqmedia.kz

Бұл бастаманы «Әділет» партиясының депутаты Елдос Баялышбаев Премьер-министр Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында көтерді.

Депутаттың мәліметінше, 2025 жылдың соңында елімізде мүгедектігі бар 120 013 бала тіркелген. Ол балалардың білім алуына және қоғамға бейімделуіне жағдай жасауды ұсынды.

Сондай-ақ депутат «Болашақ» бағдарламасында мүгедектігі бар азаматтарға арнайы квота қарастыруды, инклюзивті білім беруді жетілдіруді және оңалту құрылғыларын әзірлейтін азаматтар мен ата-аналарға грант бөлуді ұсынды.

Әзірге бұл бастамалар депутаттық ұсыныс деңгейінде.

Басқа материалдар

Back to top button