Жаңалықтар

«Сырқатпын, туған елім, сөкпе мені…»


Қобдадан
түлеген ақын Әділхан Өмірбаевтың жырәлемі

Ақынның туған жерге деген сағынышы кейде бір шумаққасыйып кетеді. Ал сол бір шумақтың ішінде тұтас ғұмырдыңізі, балалықтың елесі, жастықтың жылуы, елге дегенперзенттік махаббат жатады.

Әділхан Өмірбаевтың «Туған ел» атты өлеңін оқығандаосындай ой келеді.

Құмар тоймас Қобдам көркем едің,
Жеті батыр туған кең өлкем едің.
Бұл күнде достарымды сағынамын,
Қобдам менің, сен неткен өркен едің.

БұлҚобданы сырттай бақылаған адамның сөзі емес. Бұлтуған жерінің әр белесін, әрбір таныс мекенін жүрегінежақын тұтқан перзенттің сөзі. Ақынның Қобдаға дегенмахаббаты өлеңнің өн бойынан анық сезіледі.

Әділхан Өмірбаев 1946 жылдың 3 шілдесінде Ақтөбеоблысы, Қобда өңірінде дүниеге келген. Балалық жәнежастық шағы Қобда ауданында өтті. Демек, ақынжырларындағы туған жерге деген сағынышөмірбаяндықнегізі бар, жүректен шыққан табиғи сезім.

Мектепті бітірген соң Орал қаласындағы А.С. Пушкин атындағы оқу орнында физика-математика факультетініңфизика және өндіріс негіздері бөлімінде білім алды. Жоғарыоқу орнын тәмамдап, елге оралғаннан кейін ұстаздық жолғатүсіп, жиырма жылға жуық уақыт бойы Қобда және Ақтөбеаудандарындағы орыс мектептерінде директор қызметінатқарды.

Оның өмір жолында ұстаздық пен ақындық қатар өрілді. Бір жағынан, жас ұрпаққа білім мен тәрбие берсе, екіншіжағынан, көңілге түйгенін өлең арқылы қағазға түсірді. Бұлекі арнаның да түпкі мақсатыадамға, елге қызмет ету.

Ақынның шығармашылығындағы ең айқын тақырыптардыңбірітуған жер. Бұл тақырып «Туған ел» өлеңінде ерекшесыршылдықпен өрілген.

Біраз күндер өтті саған бармағаны,
Түндер өтті саған жыр жазбағалы.
Самал ескен сұлу бір кештерінде,
Достармен қосылып ән салмағалы.

Мұнда ақын туған жерді ғана емес, туған жермен біргеөткен жастық шағын сағынады. Самал ескен кештер, достармен бірге ән салған күндерадамның жадында мәңгіқалатын қымбат сәттер.

Сондықтан өлеңнің соңғы шумағы ерекше әсер қалдырады:

Көз тоймас Қобда бағым көркем еді,
Сенде болған әр күнім көктем еді.
Бұл күнде жиі саған бармай жүрмін,
Сырқатпын, туған елім, сөкпе мені.

«Әр күнім көктем еді» деген жолақынның өткенкүндерге берген бағасы. Ал соңғы жолдағы «сөкпе мені» деген сөз туған жерін адам кейпінде елестетіп, оныменсырласқандай әсер береді. Ақын Қобдаға есеп беріптұрғандай. Бара алмай жүргеніне өзі де қынжылады, бірақкөңілі туған елінен бір сәт ажырамағанын аңғартады.

Бұл сарын «Терісаққан» өлеңінде де жалғасады.

Терісаққан, сені қалай сағынбасқа,
Сендегі сыңғырлаған ағын басқа.
Ит жылы, шілде айы өз жағанда
Кіндік қаным тамған құм мен тасқа.

Мұнда ақынның туған жерге деген байланысы одан әрітереңдей түседі. Туған жердің топырағы, суы, табиғатыбәрі ақын жадында сақталған. «Кіндік қаным тамған құммен тас» деген тіркес туған өлкенің адам өміріндегі орнынайқындай түседі.

Ақын Терісаққанды көргенде көңілінің өзгеретінін де жырлайды:

Сені көрсем көңілім гүлденгендей,
Сені көрсем өлеңім түрленгендей.

Бұл жолдардан туған жер мен шығармашылықтыңарасындағы байланысты көруге болады. Туған жер ақынғашабыт береді. Оны көргенде көңілі гүлденіп, өлеңітүрленеді.

Ал келесі шумақта ақын балалық шағын еске алады:

Ізім қалды жағында балалығым,
Өткендерін еске алмай қалады кім?
Ел қорғаған бабалар қауымы бар,
Биігінде Терісаққан қабағының.

Бұл жерде туған өлке жеке адамның естелігімен ғанашектелмейді. Ақын оны ата-баба тарихымен, ел қорғағанерлердің рухымен байланыстырады. Яғни туған жерөткен мен бүгінді жалғап тұрған қасиетті ұғым.

Әділхан Өмірбаевтың осы екі өлеңінен-ақ оныңпоэзиясының басты ерекшелігін аңғаруға болады. Ол туғанжерді биік пафоспен ғана дәріптемейді. Керісінше, сағынышпен, естелікпен, қарапайым әрі жүреккежақын сөздермен суреттейді.

Қобдаоның балалық шағы.
Қобдаоның жастық шағы.
Қобдадостары мен бірге өткізген күндері.
Қобдаақынның өлеңіне арқау болған мекен.

Сондықтан Әділхан Өмірбаевтың туған жер туралыжырларын оқығанда, Қобда бір ғана географиялық атауемес, ақынның жүрегінде сақталған тұтас бір әлемретінде көрінеді.

Бүгінгі таңда туған жер тақырыбын жырлауөткенді ескеалу ғана емес. Олкейінгі ұрпаққа елдің қадірін жеткізу. Адам өзінің туған жерін қаншалықты қастерлесе, оныңжадында сол мекеннің рухы да соншалықты ұзақ сақталады.

Әділхан Өмірбаевтың жырлары осыны аңғартады. Оныңөлеңдерінен Қобдаға деген сағыныш қана емес, туған елгедеген азаматтық сезім байқалады.

Ақынның:

«Сырқатпын, туған елім, сөкпе мені…»

деген бір ауыз сөзітуған жерден алыстаған адамныңөкініші ғана емес, жүрегі туған елден ешқашан алыстамағанперзенттің сыры секілді.

Қобда ақын үшін өлеңнің тақырыбы емес, өмірінің бірбөлшегі.

Туған ел толғау

Туған ел, Қобдам менің, шықпайды естен,

Жағаңда сағым қуып, ойнап өскен.

Сағынам боз даламды, көк аспанды,

«Сауғайында» қаным тамған, кіндік кескен.

 

Аққуқаз қалықтаған аспаныңда,

Есекпен мал баққанмын «Бестауыңда».

Асыр сап кең далада ойнап өстім,

Нәр алдым, қуат алдым жас жаныма.

 

«Үкілі тау» биік едің, жер асылым,

Көз салған барсам елге қарашығым.

Жайылмай баурайыңда төрт түлік мал,

Шөгіп қапсың, тартқандай заман сырын.

 

Міне, «Жылқы ауыл» көрінген орта шетте,

Жасыл шыбық жағаңда құрғап текке.

Апыр-ай, баяғыдай өсе алмай тұр,

Жайқалып тұрушы еді ертеректе.

 

Екі беті жайқалған жасыл құрақ,

«Бекпан ата» етегінде салқын бұлақ.

Нарықта ауыл көшіп кеткеннен соң,

Сылдырап, жоқтау айтып жатыр жылап.

 

Халық қамын ойлаушы еді бастығы да,

Қамбаға құйылушы еді астығы да.

Бермеймін Әлияның «Бұлағын» мен

«Жайықтың» жарға соққан тасқынына.

 

Туған жерім

Сағынам туған жерім, елім Қобдам,

Тербеткен, ес кіргізген асыл ордам.

Өзіңде тұңғыш рет тыныс алдым,

Балалық, жастық шағым сенде қалған.

 

Белгілі маған сенің кең жайлауың,

Ыстық қой әр түкпірің, әр қойнауың.

Шуласып бала кезде ойнаушы едік,

Шаңдатып ақ Қобданың жағалауын.

 

Жүрсем де саған жақын жерде бөлек,

Күндерім сағындырар ойға бөлеп.

Мен саған барар жолда қарсы алады,

Терісаққан бойында көп бәйтерек.

 

Басқа материалдар

Back to top button