Қазақ тілі және ұлттық құндылықтар.

Қахақ тілі-халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан рухани мұрасы, ұлттық болмысымыздың негізгі тірегі. Тіл арқылы халықтын тарихи, мәдениеті, салт-дәстүрі, дүниетанымы мен ұлттық құндылықтары ұрпақтан ұрпаққа жеткізіледі. Сондықтан қазақ тілін құрметтеу және оның қолданылу аясын кеңейту-ұлттық құндылықтарды сақтаудын маңызды жолдарының бірі.
Ұлттық құндылықтар дегеніміз-халықтың рухани және мәдени өмірінде қалыптасқан, ұрпақ үшін маңызы зор дәстүрлер мен адамгершілік қағидалар. Олар отансүйгіштік, үлкенді құрметтеу, кішіге ізет көрсету, отбасылық тәрбие, салт-дәстүр, ұлттық өнер, тарих және туған жерге деген сүйіспеншілік жатады.
Қазіргі қоғамда мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру-маңызды міндеттердің бірі. Қазақ тілін мемлекеттік мекемелерде, білім беру саласында, мәдениетте, бұқаралық ақпарат құралдарында және күнделікті қарым-қатынаста кеңінен қолдану оның қоғамдық маңызын арттырады.
Мемлекеттік қызметшілердің қазақ тілінде сауатты сөйлеп, іс жүргізуі де тілдің дамуына үлкен үлес қосады. Халықпен қазақ тілінде еркін қарым –қатынас жасау азаматтардың мемлекеттік тілге деген құрметін қалыптастырады. Сонымен қатар әр азаматтың қазақ тілін үйренуге және оны күнделікті өмірде қолдануға ұмтылысы маңызды.
Ұлттық құндылықтарды сақтау тек өткенді құрметтеумен шектелмейді. Оларды қазіргі заман талабына сай дамыту қажет. Цифрлық технологиялар мен әлеуметтік желілердің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қазақ тіліндегі сапалы контентті көбейту, жастардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру-бүгінгі күннің өзекті бағыттарының бірі.
Қорыта айтқанда, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру әр азаматтың ортақ жауапкершілігі болып тьабылады. Қазақ тілін күнделікті өмірде қолдану, оның тазалығы мен мәдениетін сақтау, жастар арасында насихаттау ұлттық құндылықтарымызды нығайтудың тиімді жолы.
Қобда аудандық сотының сот
әкімшісі басшысының орынбасары К.Қ.Мұхан