Жаңалықтар
Құрылтай – елдің келешегін ойлайтын маңызды басқосу

Құрылтай – елдің болашағына қатысты маңызды мәселелер талқыланатын, халықтың ұсынысы мен пікіріне мән берілетін үлкен алаң. Өмірлік тәжірибесі бар аға буын өкілі ретінде еліміздің тыныштығы мен тұрақтылығының қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінемін.
Бүгінгі бейбіт өмір мен қоғамдық келісім – үлкен құндылық. Сондықтан ел бірлігін сақтау, жас ұрпаққа дұрыс тәрбие беру және мемлекетіміздің дамуына үлес қосу – баршамызға ортақ міндет.
Құрылтайда көтерілген бастамалар ел игілігіне қызмет етіп, халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталса, оның маңызы одан әрі арта түседі деп ойлаймын. Еліміздің болашағы жарқын, келешек ұрпақтың өмірі бейбіт болсын деп тілеймін.
Лидия Есетова
Қобда ауданының тұрғыны, зейнеткер