Жаңалықтар
Құрылтай – ел дамуының маңызды бағыттарын айқындайтын алаң

Құрылтайда көтерілетін мәселелер қоғамның бүгінгі тыныс-тіршілігімен тығыз байланысты деп ойлаймын. Әсіресе білім, тәрбие, жастардың болашағы, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мәселелерінің маңызы ерекше. Өйткені елдің ертеңі – білімді, тәрбиелі әрі отаншыл ұрпақтың қолында.
Осындай маңызды басқосуларда ұстаздар мен қарапайым халықтың ұсыныс-пікірлерінің ескерілуі қоғам үшін үлкен мәнге ие. Құрылтайда айтылған бастамалар елдің тұрақты дамуына және жас ұрпаққа дұрыс бағыт беруге септігін тигізеді деп сенемін.
Гүлім Изтлеуова, Қобда ауданының тұрғыны, ұстаз