Жаңалықтар

«Антиколл-орталық»: 1,5 миллионнан астам алаяқтық қоңырау бұғатталды

Өткен жылдың сәуір айында Бас прокуратура «Антиколлорталық» жобасын іске асыруды бастады.

Осы жоба аясында 1,5 миллионнан астам алаяқтық қоңыраудың жолы кесілді. Қазіргі уақытта 12 шетелдік колл-орталықтың қызметі бақылауға алынды.

Қоңырауларды бұғаттаумен қатар, жүйе алаяқтар хабарласқан азаматтарды анықтауға мүмкіндік береді.

Кейбір жағдайларда алаяқтар азаматтармен мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы байланысуды жалғастыруда. Осыған байланысты прокурорлар Антиколл-орталықтан ақпарат алып, мұндай азаматтарды анықтап, қауіп-қатер туралы алдын ала ескертіп жатыр.

Бүгінгі күнге дейін жалпы сомасы 251 млн теңгені құрайтын 114 кредиттің рәсімделуіне жол берілмеді.

Жобаны іске асыру соңғы үш жылда алғаш рет интернеталаяқтықтың өсуінің теріс үрдісін тоқтатуға мүмкіндік берді (11%-ға төмендеп, 12 390-нан 11 065-ке дейін азайды).

2026 жылғы 26 маусымда Цифрлық даму министрі «Байланыс операторларының Антиколл-орталықпен өзара іс-қимылы туралы» бұйрыққа қол қойды.

Қазіргі уақытта жүйеге барлық байланыс операторлары қосылып жатыр (бұған дейін жоба тек Қазақтелеком желісін қамтыған, барлық операторлар қосылғаннан кейін алаяқтық телеком-трафиктің 100%-ын қамту жоспарлануда).

Қобда аудандық прокуратурасы

Басқа материалдар

Back to top button