Жаңалықтар

Жолдау-2024: Ақтөбе облысында онкологиялық диагностика орталығын ашу жоспарлануда


Мемлекет басшысының денсаулық сақтау саласын дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Ақтөбеде онкологиялық диагностика орталығы ашылады.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Orhun Medical компаниясымен денсаулық сақтаудың сегіз ауқымды жобасын жүзеге асыру туралы келісімге қол қойды. Олардың қатарында бірқатар өңірде онкологиялық ауруларды диагностикалау сапасын едәуір арттыруға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы позитрон-эмиссиялық томография орталықтарын құру да бар. Атап айтқанда, Ақтөбеде осындай орталықтардың бірін ашу жоспарлануда, бұл облыстың медициналық инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадам болмақ.

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Orhun Medical бас директоры Гоненч Н. Дирикпен кездесіп, өңірде орталық ашу жөніндегі жобаны іске асыру мәселелерін талқылады. Кездесу барысында Гоненч Н. Дирик Ақтөбе облысы компания үшін маңызды өңір болып саналатынын және онкодиагностика орталығын құру тұрғындарға өңір аумағынан шықпай-ақ, озық диагностикалық зерттеулерден өтуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Ол орталықтың іске қосылуы онкологиялық аурулармен күрес саласындағы ауқымды жобаларды дамытудың бірінші кезеңі болатынын жеткізді.

«Көптеген жыл бойы өңірдің ем алушылары онкологиялық ауруларды диагностикалаудың мамандандырылған орталықтарына жүгініп келеді. Жақында Ақтөбеде онкологиялық диагностиканың жаңа орталығы ашылады, ол барлық қажетті тексерулерді тікелей сол жерде жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл пациенттер үшін диагностикаға қол жеткізуді айтарлықтай жеңілдетеді, оларды Астанаға немесе Алматыға бару қажеттілігінен босатады. Орталықтың ашылуы — үлкен жобаның бірінші кезеңі ғана. Алдағы уақытта онкологиялық ауруларды емдеуге бағытталған жаңа бастамаларды іске асыру жоспарлануда», деді Гоненч Н. Дирик.

Облыс әкімі Асхат Шахаров компанияның бастамасына қолдау білдіріп, медициналық қызметтердің сапасы мен диагностиканың қолжетімділігін жақсарту үшін жобаның маңыздылығын алға тартты. Ақтөбедегі позитрон-эмиссиялық томография орталығын келер жылы іске қосу жоспарлануда.

Послание-2024: В Актюбинской области планируется открыть центр онкологической диагностики

Во исполнение поручения Главы государства по развитию сферы здравоохранения, в Актобе будет открыт центр онкологической диагностики.

Министерством здравоохранения страны подписано соглашение с компанией Orhun Medical на реализацию восьми масштабных проектов в области здравоохранения. В их числе и создание в ряде регионов современных центров позитрон-эмиссионной томографии, которые позволят значительно повысить качество диагностики онкологических заболеваний. В частности, в Актобе планируется открытие одного из таких центров, что станет важным шагом в развитии медицинской инфраструктуры области.

Аким Актюбинской области Асхат Шахаров встретился с Генеральным директором Orhun Medical Гоненч Н. Дирик и обсудил вопросы по реализации проекта.

В ходе встречи Гоненч Н. Дирик подчеркнул, что Актобе является важным регионом для компании, и создание центра онкодиагностики позволит жителям области проходить передовые диагностические исследования, не выезжая за пределы региона. Он отметил, что запуск центра станет масштабным проектом в борьбе с онкозаболеваниями.

«Уже многие годы пациенты из Актюбинской области обращаются за помощью в специализированные центры диагностики онкозаболеваний. Скоро в Актобе будет открыт новый центр онкологической диагностики, который позволит проводить все необходимые обследования на месте. Это значительно упростит доступ к диагностике для пациентов, избавив их от необходимости ездить в Астану или Алматы. Открытие центра – это лишь первый этап большого проекта. В дальнейшем планируется реализация новых инициатив, направленных на лечение онкозаболеваний», отметил Гоненч Н. Дирик.

Аким области Асхат Шахаров выразил поддержку инициативе компании и отметил важность проекта для улучшения качества медицинских услуг и доступности диагностики. Центр позитрон-эмиссионной томографии в Актобе планируется запустить уже в следующем году.

Басқа материалдар

Back to top button