Жемқорлық және Әдеп
Жемқорлық – қоғам дамуына үлкен кедергі келтіретін теріс құбылыс. Ол әділдік пен сенімділік қағидаларын бұзып, мемлекет пен халық арасындағы байланысты әлсіретеді. Жемқорлық орын алған жерде заң үстемдігі төмендеп, адамдардың құқықтары жиі тапталады. Әдеп – адам бойындағы ізгі қасиеттердің жиынтығы.Әдептілікке адалдық, әділдік, жауапкершілік, ұят, адамгершілік сияқты құндылықтар жатады. Әдепті адам ешқашан заңсыз әрекетке бармайды, өз пайдасы үшін өзгеге зиян келтірмейді.
Жемқорлық пен әдеп – бір-біріне қарама-қарсыұғымдар. Әдептілік қоғамда үстемдік құрған жағдайда жемқорлықтың деңгейі төмендейді. Ал керісінше, әдеп нормалары сақталмаған ортада жемқорлық кең таралады.
Жемқорлықпен күресу тек заң арқылы ғана емес, әр адамның ішкі мәдениеті мен тәрбиесіне де байланысты. Әрбір азамат өз ісінде адалдықты басты қағида етіп ұстанса, қоғамда әділдік орнап, сенім артады.
Қорытындылай келе, жемқорлықты жою үшін тек жазалау шаралары жеткіліксіз. Ең бастысы – әдептілік пен адамгершілікті нығайту. Сонда ғана таза, әділ және дамыған қоғам құруға болады.«Әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы – іс қимыл» – бұл тек ережелер жиынтығы емес, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мінез-құлқының негізі. Адалдық пен әдептілік қатар жүрген жерде жемқорлыққа орын жоқ.
Қобда аудандық мемлекеттік
қазынашылық басқармасының
басшысы А.Жиенбаев.