Жаңалықтар

Қоғалы халқымен маңызды кездесу өтті


Қобда аудандық мәслихатының төрағасы Ерғалиев Жанболат,  Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты Естай Сисенбаев және аудандық мәслихат депутаты Айболат Жисов Қоғалы ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы айтылып, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымды жетілдіру және тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру бағытында жүзеге асырылып жатқан жобаларға тоқталды. Сонымен қатар, халықпен кері байланысты нығайту және тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін ескере отырып жұмыс жүргізудің маңыздылығы атап өтілді.

Кездесу барысында ауыл тұрғындары өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, өзекті мәселелерді ортаға салды. Сондай-ақ, тұрғындар депутаттарға ауылға көрсетіліп жатқан қолдау мен атқарылып жатқан жұмыстар үшін алғыстарын білдірді.

Басқа материалдар

Back to top button