Жаңалықтар

«AMANAT» партиясы білім саласындағы бастамаларды таныстырды

Қобда аудандық мәслихатының төрағасы Ерғалиев Жанболат Ақрап ауылының білім саласы қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Кездесуге «AMANAT» партиясы Қобда аудандық филиалының атқарушы хатшысы Нұргүл Ибраева да қатысты.

Кездесу барысында Жанболат Ерғалиев білім беру саласында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы айтып, аудан мектептерінің материалдық-техникалық базасын нығайту, білім сапасын арттыру, педагогтарға қолдау көрсету және білім беру ұйымдарындағы инфрақұрылымды жетілдіру бағытында жүзеге асырылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар, жас ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие беру ісіндегі педагогтардың рөлі ерекше екендігін атап өтті.

Нұргүл Ибраева «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» бағдарламасы аясында білім саласын қолдау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде ақпарат беріп, бастауыш партия ұйымдарының білім беру мекемелерімен тығыз байланыста жұмыс істеуінің маңыздылығына тоқталды.

Кездесу барысында білім саласының қызметкерлері өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелер талқыланды.

Басқа материалдар

Back to top button