Жаңалықтар
Мәслихат депутаттары Қосөткел халқымен кездесті

Қобда аудандық мәслихатының төрағасы Ерғалиев Жанболат пен аудандық мәслихат депутаты Алитурлиев Сандыбек Қосөткел ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы айтылып, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымды жетілдіру және тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру бағытында жүзеге асырылып жатқан жобаларға тоқталды. Сонымен қатар, халықпен кері байланысты нығайту және тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін ескере отырып жұмыс жүргізудің маңыздылығы атап өтілді.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, өзекті мәселелерді ортаға салды.