Жаңалықтар

Аудандық мәслихат төрағасы Жанболат Ерғалиев, аудандық мәслихат депутаты Біләлов Алихан және «AMANAT» партиясы Қобда аудандық филиалының атқарушы хатшысы Нұрғүл Ибраева Бестау ауылының тұрғындарымен кездесті

Кездесу барысында ауыл тұрғындарымен ашық форматта пікір алмасу өтіп, елді мекеннің өзекті мәселелері жан-жақты талқыланды. Атап айтқанда, инфрақұрылымды дамыту, жол жағдайы, әлеуметтік нысандардың қызметі және ауылдың абаттандырылуы бойынша ұсыныстар айтылды.

Жиын барысында қатысушылар тұрғындардың өтініштері мен сұрақтарын тыңдап, көтерілген мәселелер бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетіні жөнінде түсініктеме берді. Сонымен қатар ауылды дамыту бағытындағы жоспарлар мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат ұсынылды.

Кездесу соңында тұрғындар өз ой-пікірлерін білдіріп, бірқатар ұсыныстарын ортаға салды.

Басқа материалдар

Back to top button