Жаңалықтар

Депутаттар Қызылжар ауылында халықпен кездесу өткізді

Қобда ауданында мәслихат депутаттарының сайлаушылармен кездесу кестесіне сәйкес Қызылжар ауылында тұрғындармен ашық форматтағы кездесу өтті.

Кездесуге аудандық мәслихат төрағасы Жанболат Ерғалиев, облыстық мәслихат депутаты Естай Сисенбаев, аудандық мәслихат депутаты Айболат Жисов және «AMANAT» партиясы Қобда аудандық филиалының атқарушы хатшысы Нұргүл Ибраева қатысты.

Жиын барысында халықты толғандырған өзекті мәселелер көтеріліп, ауылдың әлеуметтік жағдайы, жол, инфрақұрылым, абаттандыру және ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар сөз болды.

Депутаттар атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, сайлауалды міндеттемелердің орындалу барысы жөнінде ақпарат берді. Сонымен қатар тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, бірқатар мәселелер бойынша нақты жауаптар айтылды.

Жанболат Ерғалиев халықпен тұрақты байланыс орнатудың маңыздылығын атап өтіп, аудан көлемінде жүзеге асып жатқан жобаларға тоқталды.

Облыстық мәслихат депутаты Естай Сисенбаев өңірдің дамуына бағытталған бастамалар жөнінде айтып, ауыл тұрғындарының ұсыныстары назардан тыс қалмайтынын жеткізді.

Айболат Жисов ауыл тұрғындарының өтініштері мен ұсыныстары депутаттық бақылауда болатынын атап өтті.

Кездесу соңында тұрғындар өз ойларын ортаға салып, бірқатар маңызды мәселелер бойынша ұсыныстарын білдірді.

Басқа материалдар

Back to top button