Депутаттар Терісаққан ауылының тұрғындарымен кездесті

Қобда ауданында мәслихат депутаттарының сайлаушылармен кездесу кестесіне сәйкес Терісаққан ауылы тұрғындарымен маңызды кездесу ұйымдастырылды.
Басқосуға аудандық мәслихат төрағасы Жанболат Ерғалиев, аудандық мәслихат депутаты Жандос Мурзабеков және «AMANAT» партиясы Қобда аудандық филиалының атқарушы хатшысы Нұргүл Ибраева қатысып, атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді.
Кездесу барысында депутаттар сайлауалды бағдарламалардың орындалу барысын, халыққа берген уәделердің жүзеге асу деңгейін және депутаттық қызмет аясында атқарылған жұмыстарды жан-жақты баяндады. Сонымен қатар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымды жетілдіру және рухани-мәдени саланы дамыту мәселелері де талқыланды.
Жанболат Ерғалиев ауданның даму көрсеткіштері мен іске асырылып жатқан жобалар туралы айтып, халықпен кері байланыстың маңыздылығына тоқталды.
Депутат Жандос Мурзабеков атқарылған жұмыстарды жүйелеп, сайлаушылар сенімін ақтау бағытындағы нақты нәтижелерді атап өтті.
Нұргүл Ибраева «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде ақпарат берді.