Таза Казақстан: Ақтөбе жастары жалпыұлттық акцияға белсене қатысуда
Ақтөбеде колледж студенттері Семей ядролық сынақ полигоны құрбандарына арналған ескерткіш маңын қоқыстан тазартты. Сенбілікті қалалық жастар ресурстық орталығы «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында ұйымдастырды. Бұл жолы ALT гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттері жиналды.
«Осылайша біз табиғатты аялау, құрметтеу идеяларын насихаттап қана қоймай, жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға үлес қосамыз. Күннің суытқанына қарамастан, ескерткіштердің айналасын тазалап, тазартып, қоқыстарды шығарып жатырмыз», — дейді Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Азамат Әбуов.
Колледж студенттерінің арасында басқа өңірлерден келгендер де болды.
«Қаланы таза ұстауға бағытталған акциялар туралы бұрын-соңды естігенмін, бірақ бірінші рет қатысып отырмын. Мен Қызылордаданмын, Ақтөбемен енді танысып жатырмын. Бұл жақ маған өте ұнайды, қоқыс жиналып тұрған жерді көрмедім және қала тұрғындары тарапынан жасалған вандализмнің куәсі болған жоқпын. Бұл жергілікті тұрғындардың, оның ішінде менің қатарластарымның да туған жерін жақсы көретінін, оған қамқорлық жасайтынын аңғартады», — дейді 1-курс студенті Тәжібек Байдос.
Таза Казақстан: Актюбинская молодежь принимает активное участие в общенациональной акции
В Актобе учащиеся колледжа привели в порядок территорию вокруг памятника пострадавшим от испытаний Семипалатинского ядерного полигона. Организовал субботник городской молодежный ресурсный центр в рамках общенациональной акции «Таза Казақстан». В этот раз собрались учащиеся гуманитарно-технического колледжа ALT.
«Таким образом мы не только продвигаем идеи заботы и бережного отношения к природе, но и способствуем формированию экологической культуры у молодежи. Несмотря на наступление холодов, убираем вокруг памятников, чистим, вывозим мусор», — рассказал руководитель молодежного ресурсного центра Актобе Азамат Абуов.
Среди учащихся колледжа были и приезжие из других регионов.
«Об акциях, направленных на поддержание чистоты города, слышал раньше, но участвую впервые. Я из Кызылорды, только знакомлюсь с Актобе. Здесь мне очень нравится, не видел нигде скопление мусора, не был свидетелем вандализма со стороны горожан. Это говорит о том, что местные жители, в том числе мои ровесники, любят родной город, заботятся о нем», — поделился первокурсник Тажибек Байдос.