Жаңалықтар

Экологиялық акцияға қатысқан ұжым және мекеме қызметкерлерінің еңбегі еленді.

Аудан әкімі Ізгілік Тынымгереев экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған «Таза Қазақстан» республикалық акциясына белсенді қатысып, табиғатты қорғау және қоршаған ортаны көркейту бағытында үлгілі еңбек еткен ұжымдар мен мекеме қызметкерлеріне алғысын білдірді. Естелік сыйлықтар табыстап, ризашылығын айтты.

Аудан әкімі “Аудан көлемінде санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізіп, экологиялық мәдениетті сақтайтын қоғамдық сананы қалыптастыруды алдымен өзімізден бастап, нақты іс-әрекетімізбен қоғамға үлгі болуымыз керек” деп, жиынға қатысушыларды сенбілік жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуге шақырды.

Басқа материалдар

Back to top button